Ұлтаралық келісім – біртұтас ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың басты тетіктерінің бірі. Қазақстандағы әртүрлі этнос өкілдерінің тарихы, мәдениеті және дәстүрі елдің ортақ рухани байлығын құрайды. Осы алуантүрлілікті ортақ құндылықтар жүйесімен ұштастыру – халықтың бір мақсатқа жұмылуына және ел болашағына сеніммен қарауына жол ашады. Мемлекет тарапынан тіл саясатының теңгерімді жүргізілуі, этномәдени бірлестіктердің жұмысын қолдау және халықты біріктіретін мерекелер мен мәдени іс-шараларды өткізу – бірлік сезімін күшейтеді. Ұлттық бірегейліктің күшеюі азаматтардың мемлекетке деген адалдығын арттырып қана қоймай, елдің халықаралық беделін де нығайтады. Бұл өз кезегінде Қазақстанды бейбітшілік пен келісім үлгісі ретінде танытып, көпұлтты қоғамның табысты дамуына негіз қалайды.
Атбасар Ауданының маслихат депутаты
Р.Досмуханов.
