Ақмола облысының прокуратурасы сайлау алдындағы үгіт кезеңінде заңнама талаптарын түсіндіреді Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
Ақмола облысының прокуратурасы сайлау алдындағы үгіт кезеңінде заңнама талаптарын түсіндіреді Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (2026 жылғы 12 қазандағы № 1521) барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 29 қарашаға мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады (2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98). Аталған сайлаудың өткізу тәртібі мен шарттары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен егжей-тегжейлі регламенттелген. Сайлау тағайындалған сәттен бастап Ақмола облысының прокуратурасы осы сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасының сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. 2026 жылғы 1 қарашада сағат 18:00-де ең белсенді кезең – сайлау алдындағы үгіт басталды…
