26 қарашада Алматыда Disney студиясының «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Оған елімізге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен депутаттар, дубляж актерлары мен блогерлер, БАҚ өкілдері қатысты. Фильм елімізде 27 қарашадан бастап қазақ және орыс тілдерінде үлкен экрандардан көрсетіледі. Бұл – биыл Disney-дің қазақ тілінде «сөйлеткен» төртінші фильмі. Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 40-ға жуық нұсқасын дайындайды. «Қазақ тілі» қоғамының ұйытқы болуымен былтырдан бастап ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында Disney студиясы 2024 жылы «Ойжұмбақ 2», «Моана…
