Ұлтаралық келісім – елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін аса маңызды әлеуметтік капитал. Көпұлтты Қазақстан жағдайында әртүрлі этнос өкілдерінің бейбіт өмір сүріп, бірлесе жұмыс істеуі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде инвестициялық ахуалды жақсартып, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттырады және ұлттық экономиканың өсуіне жол ашады. Әлемдік тұрақсыздық жағдайында берік ұлтаралық өзара әрекеттестік тек ішкі тұрақтылық факторы ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренадағы бәсекелестік артықшылығы болып табылады. Қоғамдағы келісім реформаларды табысты жүргізуге, инновацияларды енгізуге және барлық азаматтарды ортақ болашақ идеясы төңірегінде біріктіретін ұлттық жобаларды алға жылжытуға ықпал етеді.
А.Уткербаева, БЖШО директоры
