Ақмола облысында тұмау мен ЖРВИ маусымына 400-ге жуық төсек-орын дайындалды
Ақмола облысында тұмау мен ЖРВИ маусымына 400-ге жуық төсек-орын дайындалды Алдағы тұмау, ЖРВИ және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусымға өңірде 400-ге жуық инфекциялық төсек-орын дайындалды. Жағдай нашарлаған жағдайда тағы 200-ге жуық төсек-орын ашуға мүмкіндік бар. Бұл туралы брифингте Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов мәлімдеді. Оның айтуынша, емханаларда сүзгі кабинеттері, қосымша мобильді бригадалар және дәрі-дәрмек, бетперде мен дезинфекциялық құралдардың қоры дайындалған. Аурушаңдық деңгейі өскен жағдайда медициналық ұйымдар мобильді бригадалардың жұмысын күшейтіп, төсек-орын қорын арттыра алады. Тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйектен басталады. Облыс тұрғындары үшін «Гриппол» вакцинасының шамамен 66 мың дозасы қарастырылған. Тегін вакцинацияны бірінші кезекте медицина…
