Ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар азаматтардың белсенді қатысуынсыз толыққанды нәтиже бере алмайды. Әрбір адамның қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті сақтауға деген жауапкершілікті сезінуі – кез келген даулы мәселенің диалог және ымыра арқылы шешілуіне негіз болады. Білім беру бағдарламалары, жастар жобалары, қоғамдық пікірталастар және бірлескен еріктілік бастамалары өзара құрмет мәдениетін жастайынан қалыптастырады. Соның нәтижесінде елде бейбіт өмірді жеке және ұлттық құндылық ретінде бағалай білетін ұрпақ өсіп шығады. Азаматтық белсенділік ұлтаралық келісімнің жай ғана ұран емес, қоғамдық өмірдің шынайы нормасына айналуына кепіл болады.
Атбасар АМҮ директоры
Жанар Сарсембекова
