Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңіне арналған стратегиялық бағдар

Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңіне арналған стратегиялық бағдар

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат болып табылады.

 

Жолдаудың негізгі ерекшелігі – экономикалық өсімді халықтың өмір сүру сапасын арттырумен, инфрақұрылымды жаңғыртумен және технологиялық дамумен өзара байланысты қарастыруында.

 

Әсіресе, 2027 жылды Жалпыұлттық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау ұсынысы мен «Халықтық құрылыс» бағдарламасының маңызы зор. Бұл бастамалар өңірлердегі жол, тұрғын үй, мектеп, аурухана және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

 

Сонымен қатар инвестиция тарту, отандық өндірісті қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, көлік-логистика әлеуетін арттыру және жасанды интеллектіні экономиканың барлық саласына енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Меніңше, Жолдаудағы басты басымдықтардың бірі – өңірлердің теңгерімді дамуы. Өйткені мемлекеттің экономикалық әлеуеті тек ірі қалалардың дамуымен өлшенбейді. Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымның сапасы, халықтың жұмыспен қамтылуы, жастарға жасалған мүмкіндік пен шағын бизнестің дамуы да ел өркендеуінің маңызды көрсеткіштері.

 

Ендігі маңызды міндет – Жолдауда белгіленген бастамаларды сапалы әрі жүйелі жүзеге асыру. Әрбір жоба нақты нәтижеге бағытталып, бөлінген қаражаттың тиімділігі мен жұмсалу ашықтығы қамтамасыз етілуі қажет.

 

Қорытындылай келе, Жолдаудың басты мәні – экономикалық әлеуеті жоғары, инфрақұрылымы дамыған, заманауи технологияларды меңгерген және азаматтарының әл-ауқаты артып келе жатқан Қазақстанды қалыптастыру.

 

Ел дамуы – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, қоғамның, бизнестің және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

 

Жанар Сарсембаева, Атбасар аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры.

By admin

Читайте также