Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген міндеттер мен бастамалар елдің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Осы ретте кез келген реформа терең сарапталып, жан-жақты зерттеліп, азаматтардың жағдайы мен қажеттіліктерін барынша ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Қабылданатын шешімдер тек экономикалық немесе әкімшілік көрсеткіштермен шектелмей, ең алдымен қоғамның нақты мүддесіне бағытталуы маңызды. Реформаларды әзірлеу барысында олардың халықтың тұрмыс деңгейіне, әлеуметтік қорғалуына және әрбір отбасының әл-ауқатына ықпалы мұқият бағалануы қажет.
Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруда жүйелі әрі салмақты көзқарас ерекше маңызды. Бұл негізсіз тәуекелдердің алдын алып, қоғамның мемлекеттік саясатқа деген сенімін нығайтуға және тұрақты дамуға мүмкіндік береді.
Кез келген реформаның басты өлшемі – оның халыққа тигізетін нақты пайдасы.
Қамшат Қадыл’
«Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры
