Кәсіпкерлердің негізсіз шығыны

Атбасар ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілеріне жасанды кедергі жасау фактілерін анықтады.

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары бойынша уәкілетті орган кәсіпкерлердің ауыл шаруашылық өнімдеріне карантиндік тексеру және карантиндік сараптама жүргізеді.

Алайда, жоғарыда көрсетілген норманың талаптары тауардың зақымдану белгілері анықталған кезде ғана қолданылуы тиіс.

Оған қарамастан, «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы» ММ лауазымды тұлғалары ауданның ауыл шаруашылық тауарын өндіруші кәсіпкерлерді өнімнің барлық түрі бойынша сараптама жүргізуді талап еткен.

Сараптама кәсіпкерлердің есебінен жүргізілген.

Уәкілетті органның заңсыз іс-әрекеттері кәсіпкерлер үшін 3 млн теңгеден астам шығын келтірген және 1029 сараптама жүргізілген.

Прокурордың талдау қорытындысы бойынша уәкілетті органның үш лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, заңсыз карантиндік сараптама жүргізу тәжірибесі жойылды.

Атбасар аудандық прокуратарысы

 

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также