«Мен олармен жай ойнаап көрейін деп едім», «Олардың не істей алатынын тексергім келді», «Мен олардың алаяқтар екенін білемін ғой»— бұл әдетте, оқиғаның соңы бірдей аяқталатын, ақшасынан айырылған, шоттары бұғатталған және «бұл қалай болды?» деп таңғалған сұрақтар қоятын алаяқтар құрбандарының сөздері. Адамға алаяқтар қоңырау шалғанда немесе хабарлама жібергенде, адамдардың реакциясы екі түрлі болады — біріншілерінің бойында үрей туса, екіншілері өздеріне тым сенімді болады. Қорқу адамға тән болса, өзіне деген асқан сенімділік оған кері әсер етуі мүмкін, әсіресе, барлығы толық бақылауда деген наным болса. Алайда, дәл осы сәтте бақылау байқалмай тізгіннен шыға бастайды. «Жай сөйлескім келді» дегеннің өзі неге қате Алаяқтардың банкті немесе қауіпсіздік жүйесін бұзулары сирек кездеседі. Олардың нақты мақсаты — адам. Әрбір әңгіме,…
