Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде автотуристік жабдықтар өндірісі іске қосылды

Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде автотуристік жабдықтар өндірісі іске қосылды
​Степногорск қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндірістік секторды дамытуға, сотталғандарды еңбекпен қамту деңгейін арттыруға және оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған кешенді жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыруда.
​Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі ретінде №5 мекемеде өндірістік ангардың құрылысы аяқталды. Жаңа нысанның жалпы аумағы 520 шаршы метрді құрайды, бұл өндірістік қуаттарды ұлғайтуға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.
​Прокуратураның үйлестіруімен «Сафин» ЖК тарапынан шамамен 30 миллион теңге көлемінде инвестиция тартылды. Нәтижесінде мекеме базасында өндіріс іске қосылып, қазіргі таңда 30 сотталған еңбекпен қамтылды.
​Кәсіпорын автокемпингтік жабдықтар шығаруға маманданған. Өндірістік процесс екі ауысымда ұйымдастырылып, күн сайын сағат 06:30-дан 21:00-ге дейін жүзеге асырылады. Дайын өнімді өндіру мерзімі 3-тен 7 күнге дейінгі аралықты құрайды, ал ай сайын 10-ға дейін тапсырыс орындалады.
​Аталған жобаны іске асыру сотталғандардың еңбекпен қамтылу деңгейін арттыруға, олардың тұрақты кәсіби дағдылары мен өндірістік тәртіпті қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
Ақмола облысының прокуратурасы

By admin

Читайте также