Ақмола облысының полицейлері Wildberries тапсырыс беру пунктінен жасалған ұрлықты ізін суытпай ашты
Ақмола облысы Целиноград ауданының полиция қызметкерлері жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде Wildberries тапсырыс беру пунктінен жасалған ұрлық қылмысын ізін суытпай ашты. Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Целиноград аудандық полиция бөліміне Астана қаласының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, түнгі уақытта белгісіз адам тапсырыс беру пунктінің ғимаратына заңсыз кіріп, тауар салынған қораптарды ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын шамамен 500 мың теңгені құрады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетіп, тексеру барысында күдіктінің алдын ала электр қуатын өшіріп, ғимараттың артқы жағындағы терезені сындырып ішке кіргені және тауарларды алып кеткені анықталды. Қылмыстың бетін ашуға криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Олжас Әбдімұратұлы Алтынбеков…
