Құрметті отандастар!

Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік әрі саяси маңызы бар шешімді қабылдау жолында қазақстандықтар оң таңдау жасады. Референдум сәтті өтті. Бұл отандастарымыздың ортақ іске ұйысып, жұмыла кірісе алатынын көрсетті

Тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз етуге, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға қысқасы, атом электр стансасын салу экономиканың және онымен байланысты барлық саланың дамуына мультипликативті әсер етеді.

Ғылым мен білімнің, технологияның дамуына жол ашады. Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

Сондықтан, отандастарымыз бұл жолда өте дұрыс таңдау жасап, болашаққа нық қадам басты деуге келеді.

Дегенмен, алда атқарар ауқымды міндет тұр. АЭС құрылысы бір жылдық белес емес. Ол циклдік кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын ұзақмерзімді жоба. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жоба. Ал, оның пайдасын қазіргі жастарымыз бен болашақ ұрпақ көреді.

Біз өз тарапымыздан келешек ұрпақтың қамы үшін осы жобаның сәтті іске асуына аянбай үлес қосатын боламыз.

Мемлекет басшысы атап өткендей, атом электр стансасын салу үшін әлемдік жеткізушілердің ең үздік технологиялары іріктелетін болады.

@knpp

Уважаемые соотечественники!
Поздравляю с успешным завершением референдума по строительству атомной электростанции в Казахстане👏
Ваше решение – это не просто выбор, это стратегический шаг, который определит будущее нашей страны на многие годы вперед.
Строительство АЭС – это инвестиции в наше будущее.
Это шаг к энергетической независимости, экологической чистоте и экономическому процветанию.
Я хочу выразить глубокую благодарность всем, кто принял участие в этом важном выборе.
🖇️Впереди нас ждёт реализация самого масштабного проекта страны, мы приложим все усилия, чтобы строительство и эксплуатация АЭС осуществлялись с соблюдением самых высоких международных стандартов безопасности.
Как отметил Глава государства, для строительства АЭС будут выбраны лучшие технологии мировых поставщиков.
Жантикин Тимур, Генеральный директор ТОО «Казахстанские атомные электрические станции»
By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также