Ұлттық бірегейліктің факторы ретінде этносаралық келісім
Қазіргі заманда мемлекеттер жаһанданудың көші-қон ағындарын күшейтіп, мәдениеттер арасындағы бәсекелестігін арттыратын сын-қатерлеріне тап болады. Осындай жағдайда ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, мәдени әралуандыққа құрметпен қарау аса маңызды. Қазақстан бұл бағытта табысты тәжірибе көрсетіп отыр: мұнда барлық этностарды біріктіретін, бірақ олардың өзіндік ерекшелігін жоймайтын ортақ қазақстандық бірегейлік қалыптасуда. «Әралуандықтағы бірлік» үлгісі патриотизмді нығайтып, елге деген мақтаныш сезімін арттырады әрі қоғамды сыртқы ықпалдарға төзімді етеді.
Атбасар АМҮ директоры
Жанар Сарсембекова.
