Этносаралық келісім қоғамның тұрақтылығын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Елде ондаған, жүздеген этнос өкілдері өмір сүретін жағдайда мәдени әралуандыққа деген құрмет біріктіруші негіз болып табылады. Әрбір халық өз болмысының мойындалуын және қауіпсіздігін сезінген жерде мемлекеттік институттарға да, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа да сенім қалыптасады. Соның нәтижесінде қақтығыстар қаупі төмендеп, құқықтық тәртіп нығаяды, қоғамдық процестердің болжамдылығы қамтамасыз етіледі. Қазақстан тәжірибесінің құндылығы – этносаралық үйлесімділікті формальді саясат емес, ұлттық қауіпсіздікке тікелей ықпал ететін стратегиялық ресурс ретінде қарастыруында.
Атбасар ауданының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.
Кожахметов Ж. К.
