Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – еліміздің дамуындағы маңызды тарихи қадам. Бұл құжат ел бірлігін нығайтып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттыруға мүмкіндік беретін Құрылтай мен Халық кеңесі сияқты жаңа қоғамдық-саяси институттардың құрылуы – уақыт талабына сай қабылданған маңызды шешім.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі ретінде мемлекеттік тілдің дамуы, ұлттық құндылықтардың сақталуы және жас ұрпақтың отансүйгіштік рухта тәрбиеленуі әрдайым маңызды деп есептеймін. Жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және Қазақстанның жарқын болашағына берік негіз болады деп сенемін.
Камшат Кадылкызы- Атбасар аудандық Халықаралық қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің мүшесі
