Құрметті прокуратура қызметкерлері мен ардагерлері! Кәсіби мерекелеріңіз – прокуратура қызметкері күнімен құттықтауды қабыл алыңыздар!
Құрылған күнінен бастап прокуратура органдары үздіксіз заңның, заңдылық пен құқықтық тәртіптің басымшылығын қамтамасыз етуде өздерінің ерекше орнын растап келеді. Қазіргі прокуратура қызметкерлерінің буыны алдыңғы буынның үздік тәжірибесін сақтап көбейтуге өз үлестерін қосуда екендігі қуантады. Бүгіндері сіздердің қатарларыңызда жоғары білікті заңгерлер, өз ісінің шынайы кәсіпқойлары, олар үшін парыз, ар және әділдік – тек қана сөз емес, өмірлік ұстаным.
Прокуратура қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілдігінің бірі. Өмірдің барлық салалары прокурорлық жауапкершілік аймағы болып саналады, онымен прокуратура қыметкерлерінің сапалы қызметінен Атбасар ауданының, сонымен қатар барлық еліміздің тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздігі байланысты. Біздің барлығымыз үшін сіздердің қызметтеріңіз – шынайы ерліктің, рухани күштің және біздің мемлекетіміздің мүдделеріне берілудің үлгісі болып табылады.
Сіздердің кәсіби мерекелік күндеріңізде тек қана іс жүзіндегі қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар Атбасар ауданының дамуына айтулы үлес қосқан, прокуратура қызметкерлерінің жаңа ұрпағына жинақталған тәжірибесін беріп келе жатқан барлық ардагерлерге алғыс білдіремін.
Сіздерге мықты денсаулық, бейбітшілік, мейірімділік пен игілік тілеймін! Заңның сенімді сақшылары деген құрметті атақ сіздерге Қазақстан Республикасының азаматтарының игілігі үшін күрделі кәсіби міндеттерді шешуде өмірлік күш-қуат, ертеңгі күнге деген сенімділік берсін!
А.ҚАЛЖАНОВ, Атбасар ауданының әкімі.