Заң мен тәртіп – ортақ құндылық: вандализмге жол жоқ

 

Заң мен тәртіп – ортақ құндылық: вандализмге жол жоқ

 

Қоғамдық мүлік – баршаға ортақ игілік. Аялдамалар, саябақтар, балалар алаңдары, ескерткіштер мен абаттандырылған аумақтар тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жасалады. Сондықтан оларды бүлдіру – тек мүлікке зиян келтіру ғана емес, қоғамға деген құрметсіздіктің көрінісі.

 

Өкінішке қарай, соңғы уақытта қоғамдық орындардағы вандализм фактілері әлі де кездеседі. Сындырылған орындықтар, бүлінген аялдамалар, қабырғаларға салынған жазулар мен қасақана зақымдалған нысандарды қалпына келтіруге қомақты қаржы жұмсалады. Бұл қаражат елді мекендерді дамытуға емес, жөндеу жұмыстарына бағытталады.

 

Әр азамат вандализмнің заңмен жазаланатын құқық бұзушылық екенін білуі тиіс. Өзгенің мүлкін қасақана бүлдіргені немесе жойғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген.

 

Заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті. Қоғамдық мүлікке ұқыпты қарап, ортақ құндылықтарды қорғау арқылы біз қауіпсіз әрі жайлы қоғам қалыптастыруға үлес қосамыз.

 

Заң мен тәртіп – әркімнен басталады. Ортақ мүлікті қорғайық, қоғамдық тәртіпті бірге сақтайық!

By admin

Читайте также