Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы төрт жылда тұрақты түрде саяси үдерістің бәсекелестігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған түрлі бастамалар ұсынып келеді.
Осы уақытта елімізде саяси реформалар аясында көптеген заңдар қабылданып, табысты іске асырылуда. Саяси реформалардың бірінші топтамасын 2019 жылғы 20 желтоқсанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ұсынған болатын.
Бұл бейбіт шерулерді ұйымдастыру тәртібін өзгертіп, ондағы рұқсат алу қағидатын хабардар ету қағидатына ауыс-тыру, саяси партияларды тіркеу үшін оның мүшелерінің саны жөніндегі талапты 40 мыңнан 20 мың адамға азайту, сайлау кезіндегі партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота қарастыру, парламенттік оппозиция институтын енгізу сияқты бастамалар еді.
2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығы жергілікті бюджетке берілді, 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті.
2020 жылдың қорытындысы бойынша, индустрияландыру жүзеге асырылып жатқан 10 жыл ішінде тұңғыш рет өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытуға қосқан үлесі тау-кен өндірісі саласынан асып түсті.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап әкімшілік әділет жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл институт мемлекеттік аппарат пен азаматтардың өзара қарым-қатынасын жаңадан қалыптастырады, ал, 25 шілдеде еліміздегі 700-ден астам ауылдық округте сайлау өтті. Тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл саяси науқан жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тың серпін беріп, тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашты. Ауыл әкімдерін сайлау науқаны шынында да үлкен өзгерістің басы болды.
Қоғам жаңғыруының негізгі өзегі – тиімді жүргізілген саяси реформалар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды. Қоғамның қажеттілігі мен сұранысына негізделген құжат мемлекеттік маңызды міндеттерді қамтиды. Оның ауқымы кең, жан-жақты әрі нақты.
Бағдарламада Президент өкілеттілігін шектеу, сайлау жүйесін өзгерту, саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету секілді басым бағыттар көзделген.
Саяси үдерістің бәсекелігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған түрлі бастама ұсынып келеді. Оның басым бөлігі табысты жүзеге асырылуда. Бастамалардың басты мақсаты – қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті нығайту. Сол арқылы мемлекеттік бағыттың сабақтастығын қамтамасыз етіп, мемлекет пен азаматтар үшін қажетті реформаларды жүргізуге мүмкіндік беру. «Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатына негізделген жаңа Қазақстанда диалог пен өзара мәміленің жоғары мәдениеті салтанат құруы тиіс. Ол – азаматтық қоғамның ынтымақтастығын арттырудың басты факторына айналады.
2019 жылдан бері Президент ұсынып келе жатқан реформалардың қай қайсысы болмасын халық игілігіне бағытталып, түрлі жолдаулар, саяси саладағы өзгерістер, Үкіметке жүктелген тапсырмалар – бәрі де халық үніне құлақ асатын, елге қызмет көрсетуші мемлекет орнықтыруда оң нәтижесін берері анық.
Камшат Қадылқызы,
Атбасар ауданы ішкі саясат, мәдениет,
тілдерді дамыту және спорт бөлімінің
«Тілдерді оқыту орталығы» КММ
директоры.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также