День: 06.07.2025

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

  Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйін 3000-ға жуық домбырашы бір мезетте орындап, қала аспанын күймен тербетті. Осылайша Қопа көлінің жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды. Таңғы салқын леп пен толқынның сыбдырына қосылған домбыра үні - қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз рухани тойға айналды. Ұлттық мұраға деген іңкәрлік пен мақтаныш алаңға жиналған әр адамның жанарынан байқалды. Бірегей көрініске облыстың түкпір-түкпірінен келген мәдениет ошақтарының өкілдері, фольклорлық ансамбльдер, өнер мектептерінің тәрбиеленушілері мен кәсіби күй шеберлері қатысты. Жас домбырашылар алдын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова…
Подробнее
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Aqorda ??: ⚜️Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы Құрметті отандастар!   Астана күні құтты болсын!   Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы Ұлы даланың мыңжылдық бірегей мәдени мұрасын әйгілейді. Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі.   Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді.   Астана Орталық Еуразияның жауһары,…
Подробнее