Тілдерді оқыту орталығының басшысы ретінде жаңа Конституцияны толық қолдаймын. Бұл маңызды құжат азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, әділетті қоғам қалыптастыруға және халықтың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады. Мемлекеттік тілдің дамуы мен қоғамдағы бірлік – еліміздің басты құндылықтарының бірі. Жаңа Конституция осы құндылықтарды нығайтып, Қазақстанның тұрақты дамуына және жарқын болашағына берік негіз қалайды.
Камшат Қадылқызы- Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығының басшысы
