Сенат төрағасы сайлауда дауыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сенат спикері Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Аталған сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады және онда 2744 дауыс беруші тіркелген.
Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бұл күні 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды.
Алдын ала тұрғылықты жері бойынша 11 970 406 сайлаушы анықталды. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелген.
Бұған дейін аталған сайлау учаскесінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов дауыс берген еді.
Одан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

https://www.inform.kz/kz/senat-toragasy-saylauda-dauys-berdi_a4047453

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также