*Құрметті кәсіпкерлер!*
«Орта бизнес кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру» бағдарламасына қатысуға шақыру
*Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің* қолдауымен Еуропа қайта құру және даму банкі (*ЕҚДБ*) *«Орта бизнес кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру*» бағдарламасына қатысушыларды қабылдауды жариялайды. Бұл бағдарлама ЕҚДБ-ның шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылады.
*Бағдарламаның мақсаты* – салалардың болашақ көшбасшыларын қалыптастыруға және Қазақстан кәсіпорындарының жоғары инвестициялық әлеуетін жедел дамытуға жәрдемдесу.
Бағдарлама аясында қатысушыларға мынадай кешенді құралдар ұсынылады:
• бизнес-процестер мен нарықтық позициялауды терең диагностикадан өткізу;
• стратегиялық даму бойынша консультациялық қолдау;
• бизнесті кеңейту үшін инвестициялар тартуға жәрдемдесу.
Қатысуға жеке қазақстандық өнеркәсіптік сектордағы кәсіпорындар шақырылады.
Кіріспе кезеңі *Foresight Camp (Форсайт-кемп)* – стратегиялық болжау бойынша интенсвті оқыту модулі болып табылады, ол Қазақстандағы бизнес-орта мен жаһандық трендтердің перспективаларын шолуды қамтиды.
📅 Өткізу мерзімі: *2025 жылдың 13–16 қыркүйегі*
📍 Өтетін орны: *Rixos Borovoe*
Бір кәсіпорыннан ұсынылатын қатысушылар саны – *2–3 адам*.
*Foresight Camp тіркелу үшін:*
http://foresight-camp.kz.tilda.ws/
Практикалық сессиялардың нәтижесінде іріктеу критерийлеріне сәйкес келетін және ең перспективті бизнес-модельдерді ұсынған *ТОП-20 компания жеке диагностикадан өту* және инвестиция тарту мен басқару бойынша құзыреттерді дамыту бағдарламасына қатысуға шақыру алады.
Конференцияға рұқсат алу үшін knowhowkazakhstan@ebrd.com мекенжайына келесі мәліметтерді жолдауды сұраймыз:
• Компания атауы, БСН
• Байланысатын тұлға (Т.А.Ә.), электронды пошта мекенжайы және телефон нөмірі.
*Ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша байланыс:*
📧 shpulint@ebrd.com
