Омск, Бішкек және Делидегі қазақстандықтар дауыс беруде

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ресейдің Омск, Қырғызстанның Бішкек және Үндістанның Дели қалаларында Қазақстан Республикасы Мәжілісіне депутаттарды сайлау үшін дауыс беру учаскелері ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Еске салайық, бүгін дауыс беру үшін бірінші болып (жергілікті уақытпен сағат 07.00-де, астана уақытымен 04.00-де) Оңтүстік Корея астанасы Сеулде және Жапония астанасы Токиодағы сайлау учаскелері ашылған болатын.
Сеулде алғашқы болып қазақстандық курсант Елнұр Асанов өз таңдауын жасады.

https://www.inform.kz/kz/omsk-bishkek-zhane-delidegi-kazakstandyktar-dauys-berude_a4047398

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также