Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту – зор мақсат.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданды. Осы Заңның 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Тіл қай елде, немесе ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті ұғым. Сондықтан ана тіліміздің өркендеуі, қанатын кең жаюы үшін қызмет ету кез келген азаматтың бұлжымас міндеті болуы керек. Қытайдың атақты философы Конфуцийдің тілге қатысты «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды» деуі бекерден бекер емес.

Осы орайда елімізде тіл мәселесінің, әсіресе мемлекеттік тіл қазақ тілінің мәселесі ешқашан назардан тыс қалмағанын атап айта кету керек. Осыған дейін Елбасымыз да талай рет мемлекеттік тілдің қанатын кең жаюы үшін мемлекеттік бағдарламамен қатар, нақты тіл оқыту орталықтарын құру арқылы қазақ тілін дамытуға күш салып, қазақ тілді балабақшалар мен мектептердің санын айтарлықтай көбейтуге де көңіл бөлген болатын. Нұрсұлтан Әбшұлының бастаған бастамасын енді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алып, тіл мәселесін назардан тыс қалдырмауға тапсырма беріп отыр. Жақында ғана Қазақстан халқына арнап «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыппен алғашқы Жолдауын жариялаған  Президентіміз онда «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн» деп мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты ойын білдірді. Демек қазақ тілінің өркендеуі үшін еліміздің әрбір азаматы өзіндік үлесін қосуы керек.  Рас, қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейді.

Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы. Соңғы жылдары қазақ тілі сот отырыстары мен құжат айналымында да белсенділігін көтеріп келеді.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдың ішінде зор табыстарға жетті, оның ішінде біз өзіміздің ана тіліміздің конституциялық құқықтарын айқындап жаздық. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп танылды, шетел тілдері оның қасында екінші немесе үшінші қосымша тіл ретінде қызмет атқаратын болды. Ал ендігі жерде ана тіліміздің айбынын асқақтату еліміздің әрбір азаматына тікелей қатысты іс болмақ!

«Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также