Конституция – Заң мен тәртіп негізі

Конституция – Заң мен тәртіп негізі

 

Полиция департаментінің мәжіліс залында Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру мәселелеріне арналған «Конституция – Заң мен тәртіп негізі» тақырыбында басшылықтың жеке құраммен кездесуі өтті.

 

Кездесу барысында басшылық қызметкерлерге Президент белгілеген негізгі міндеттерді жеткізіп, ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарын түсіндірді. Атап айтқанда, заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен кәсіби әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Жиында Конституцияның еліміздің құқықтық жүйесінің іргетасы екені атап өтілді. Конституциялық қағидаттарды сақтау – құқықтық мемлекет құрудың және қоғамдағы тұрақтылықтың басты кепілі. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты әрбір азаматтың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамда жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

 

Бүгінгі таңда «Заң мен тәртіп» идеологиясының маңызы ерекше. Себебі қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқаты мен мемлекет дамуы ең алдымен заңның үстемдігіне байланысты. Заң талаптарының сақталуы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және қоғамда әділдік қағидаттарын орнықтыруға мүмкіндік береді.

 

Кездесу соңында жеке құрамға қызметтік міндеттерді адал атқарудың, кәсіби жауапкершілікті арттырудың және заң талаптарын бұлжытпай орындаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, әрбір қызметкердің «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті қызметінде басшылыққа алуы қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтудың маңызды шарты екені атап өтілді.

By admin

Читайте также