Көкшетауда Отан қорғаушылар күніне арналған шара өтті

 

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінде болды.

Өңір басшысы HF 5510 жауынгерлік даярлығымен және қару-жарақтарымен танысты. Әскери жедел резервтің жауынгерлік тәртібінің элементтері, жедел және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қару-жарақтары, әскери киім үлгілері мен арнайы техникалар таныстырылды.

Бүгін Отан қорғаушылар күніне орай мұнда әскери қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Шара Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған.

«Біздің армия жауынгерлік даярлығының жоғары деңгейімен, жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындарының желісімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етіліумен ерекшеленеді. Біздің әскери қызметкерлер жоғары кәсіби дайындықтың, ұйымшылдық пен жауынгерлік дайындықтың үлгісін көрсетуде», – деді Марат Ахметжанов.

Облыс әкімі өңірдегі су тасқыны кезінде көрсетілген көмекке ерекше ризашылығын білдірді.

«Осындай қиын-қыстау кезеңде біздің жігіттер ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетіп, тағы да жақсы қырларын танытқаны қуантады», — деп атап өтті өңір басшысы.

Салтанатты жиын соңында Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ержан Бердімұхамедов ведомстволық награда – 1-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды. Көкшетау қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Аят Жүнісовке және 25 әскери қызметкерге облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Айта кетсек, екі мыңға жуық ақмолалық Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында Отан қорғауға қызмет етуде. Елуден астам ақмолалық жоғары әскери оқу орындарында білім алуда. Соңғы жылдары облыста әскерге шақырылғандар саны артыпкеледі.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также