ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАСТРОФЕСТИВАЛЬГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 21 наурыз күні сағат 12:00-де Әл-Фараби алаңында өтетін «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестиваліне шақырамыз!
Фестиваль аясында Қазақстан және шетелден келген 10 шетелдік аспаздың қатысуымен гастрономиялық байқаулар өтеді. Қатысушылар өздерінің ерекше рецептері мен аспаздық шеберліктерін көрсетіп, келесі номинациялар бойынша үздіктер анықталады:
• Ең үздік шашлық
• Ең үздік палау
• Ең үздік самса
• Ең үздік ұлттық тағам
Фестиваль тек дәмді тағамдармен ғана шектелмейді. Қонақтарды мерекелік атмосфераға толы кең ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасы күтеді.
Бағдарламада:
• Street style және K-pop бағыттары бойынша Dance Battle
• Домбрашылардың өнер көрсетуі
• Батырлар шоуы
• Цирк әртістерінің қойылымдары
• Мото-маусымның ашылуы мен Moto Show
• Спорттық автомобильдер көрмесі
• Қолөнершілер жәрмеңкесі
Бұл фестиваль — Наурыз мерекесінің рухын сезініп, түрлі елдердің асханасымен танысып, отбасымен және достармен тамаша уақыт өткізуге арналған үлкен мереке!
