Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық қысым көрсету, еркіндігін шектеу сияқты әрекеттер де зорлық-зомбылыққа жатады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белгілері Үнемі қорлау, кемсіту және балағаттау; Қорқыту, үркіту, психологиялық қысым көрсету; Дене жарақатын салу немесе күш қолдану; Ақшаға толық бақылау жасап, қаржылай тәуелді ету; Туыстарымен және достарымен араласуына кедергі келтіру; Еркін жүріп-тұруын шектеу. Егер зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз Мәселені жасырмаңыз. Өміріңізге немесе денсаулығыңызға қауіп төнсе, 102 нөміріне дереу хабарласыңыз. Сенімді туыстарыңыздан, достарыңыздан немесе көршілеріңізден көмек сұраңыз. Мүмкіндігінше зорлық-зомбылық фактілерін дәлелдейтін материалдарды сақтаңыз (фотосуреттер, хабарламалар, медициналық анықтамалар және т.б.). Полицияға немесе…
