Өзін-өзі ұсынғандар сайлауалды дебат өткізе алады
АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттығы сайлауына өзін-өзі ұсынғандар сайлауалды дебат өткізуге құқылы. Бұл туралы ОСК талдау және коммуникация аппараты бөлімі жетекшісінің орынбасары Әшім Бердібеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «16 наурызда өтетін саяси партиялардың сайлауалды пікірсайысын өткізуге 63 млн теңге бөлінді. Былтыр да дәл осы сома болған еді. Дебат бойынша «Хабар» агенттігі регламентті белгілеп, ұсыныстарын бізге жібереді. Регламент келесі отырыста қаралып, бекітіледі. Өзін-өзі ұсынған кандидаттардың да дебат өткізу мүмкіндіктері бар. Ол туралы ҚР Сайлау туралы заңының 2 және 3 тармағында көрсетілген. Оларға берілген құқық бойынша дебатты қандай телеарнада және оның регламентін өздері бекітеді», -…
