Ақмола облысы бойынша кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары қалай жүргізілуде
Бұл туралы бүгінгі брифингте Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапаевна баяндап берді. Ақмола облысында профилактика жүйесінің органдарымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасының тиімділігін арттыру және жасөспірімдер қылмысының өсуіне жол бермеу мақсатында ҮЕҰ және БАҚ-пен кешенді бірлескен жұмыс жүргізіледі. «Бүгінгі таңда біздің білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі ұйымдардан бастап «Бірыңғай тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда, күн сайын әрбір білім беру ұйымында сабақтан бос уақытта немесе үзілісте «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» жобасы іске асырылады, үзіліс қоңырауларының орнына оқушылар үшін Ұлттық күйлер шырқалады» - дейді, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапаевна.…
