АЭС құрылысы экономиканың дамуына серпін береді
АЭС құрылысы қалай жүргізіледі және жергілікті тұрғындардың өміріне қалай әсер етеді? Атом энергиясын пайдалану қандай артықшылықтар әкеледі? Экологияға әсері қандай? Бұл сауалдарға Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл жауап берді. АЭС сияқты үлкен құрылысты жүргізудің экономикаға аккумулятивтік әсері бар. Станция салынып жатқан кезде он мыңға жуық адам еңбек етеді. Олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін құрылыстың маңында үлкен инфрақұрылым қажет болады. Сондай-ақ транспорт жүйесінің, сауда орындарының пайда болуы да жергілікті экономиканың дамуына түрткі болады. Ал құрылыс аяқталып, станция жұмысын бастағанда 2000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Оның ішінде 400 адам ғана реактрмен тікелей жұмыс істейді. Қалған жұмысқа жергілікті халық тартылады. АЭС маңында кішігірім қала болады.…
