Еліміздің табысы – әрбір жастың еншісінде
Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясовтің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаттарымен онлайн кездесіп, жиынға қатысушылармен бірге Жаңа Қазақстан құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Басқосу барысында вице-министр саяси өмірді әртараптандыруға бағытталған конституциялық реформалардың халықаралық тәжірибесі туралы әңгімеледі. Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстан құрудағы ауқымды саяси реформалар жүргізу жөніндегі бастамаларының маңыздылығын атап өткен А.Ілиясов білім беру саласын жетілдіру саласында атқарылған жұмыстарға да кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, вице-министр жаңа формациядағы мемлекет пен қоғамды құрудағы заман талабына сай білімдері мен дағдылары бар «Болашақ» стипендиаттарының негізгі рөлін ерекше атап өтті. «Еліміздің табысты болашағын қалыптастыруға, оған белсенді қатысуға әрбір жастың мүмкіндігі бар. Ұсынылған реформалардың маңыздылығын ескере…