Қазақстан Республикасы Жаңа Конституциясының заңды күшіне енуі – еліміздің дамуындағы маңызды тарихи кезең

Қазақстан Республикасы Жаңа Конституциясының заңды күшіне енуі – еліміздің дамуындағы маңызды тарихи кезең. Конституциялық өзгерістер заң үстемдігін нығайтуға, әділетті қоғам қалыптастыруға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

 

Құрылтай мен Халық кеңесі сияқты жаңа қоғамдық-саяси институттардың құрылуы мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтып, азаматтардың пікірін ескеруге кең мүмкіндік береді. Бұл – халықтың ел дамуына белсенді қатысуына жол ашатын маңызды қадам.

 

Мемлекеттік мекеме басшысы ретінде Жаңа Конституция мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға, халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін жетілдіруге және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға берік негіз қалайды деп есептеймін. Бұл реформалар еліміздің тұрақты дамуы мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етеді.

 

Ә.Серікпаев — Атбасар ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

By admin

Читайте также