Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту – зор мақсат.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданды. Осы Заңның 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тіл қай елде, немесе ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті ұғым. Сондықтан ана тіліміздің өркендеуі, қанатын кең жаюы үшін қызмет ету кез келген азаматтың бұлжымас міндеті болуы керек. Қытайдың атақты философы Конфуцийдің тілге қатысты «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі…