Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын жариялайды
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын жария ететіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жақын арада мен сайлауалды тұғырнаманы ұсынамын, онда елді жан-жақты трансформациялау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі іс-шаралар көрініс табады. Менің нық сенімім бойынша, біздің мемлекет өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған теңгерімді, көп бағытты, сындарлы сыртқы саясатты жүзеге асыруы тиіс», - деді Мемлекет басшысы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумында. Президент Қазақстан халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократия қағидаттарын, халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын ұдайы сақтауды жақтайтынын баса айтты. «Қазақстан БҰҰ-ның әмбебап және баламасыз халықаралық ұйым ретіндегі беделін нығайту үшін белсенді…