Атбасар ауданының аумақтық филиалында 34 кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияда Атбасар ауданының партия мүшелері «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылады.
«AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы ағымдағы жылдың наурыз айында басталған толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі болып табылады.
Тұғырнамада Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдарлары, ұстанымдары мен саяси мақсаттары қамтылған.
Тұғырнама елімізде болып жатқан өзгерістерге «AMANAT» партиясының жауабы ретіндегі негізгі идеологиялық құжат болып табылады.
Саяси тұғырнама партия мүшелері, сарапшылар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, азаматтық белсенділер қатысып бірлесе жасаған пікірталастың нәтижесінде пайда болды. Тұғырнама бойынша әлеуметтік сауалнамаға 40 мыңнан астам партия мүшелері қатысып өз ұстанымдарын білдірді. Жалпы 1000-нан астам бастамалар қабылданды.
Тұғырнама Адамның, Қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуы, олардың өзара қарым-қатынасы принципіне құрылған.
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық, оны біз көздің қарашығындай сақтап, қорғауымыз керек деген тезис негізгі орынды алады. Атбасар ауданының партия мүшелері «AMANAT» партиясының тұғырнамасының жобасын қолдайды.
Сонымен қатар конференция отырысында «AMANAT» партиясының облыстық денгейде өтетін конференцияға қатысатың 6 делегат сайланды.
By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также