Атбасар аудандық мәслихатының депутаты ретінде жаңа Конституцияны еліміздің болашағы үшін маңызды шешім деп санаймын. Ол заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Конституцияда көзделген өзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, өңірлердің дамуына және халықтың әл-ауқатының жақсаруына оң әсер етеді деп сенемін. Бұл – Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын болашағына бастайтын маңызды қадам.
Н.Жакишева- аудан депутаты
