Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды

🇰🇿🇺🇿Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды

✔️Қазақстан Президентінің Өзбекстанға жұмыс сапары Бұхарадағы Бахауддин Нақышбанди кесенесіне зиярат етуден басталды.

 

✔️Мемлекеттер басшылары медресе, екі мешіт пен мұнарадан тұратын мемориалдық кешенді аралап көрді. Зиярат барысында Құран оқылып, бауырлас халықтарға бейбіт өмір мен бақ-береке тілеп, дұға жасалды.

 

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев мемориалдық кешенге келушілермен жылы рәуіште әңгімелесіп, суретке түсті.

 

✔️Нақышбандия тариқатының негізін салушы Бахауддиин Нақышбандидің кесенесі XVI ғасырда салынған.

 

✔️Ескерткіш жанындағы музейде XIX ғасырдағы Құран қолжазбасы, тарихи құжаттар, кітаптар мен басқа да құнды жәдігерлер сақталған.

 

t.me/aqorda_resmi

By admin

Читайте также