Ақмолалық ақын республикалық мүшәйрада бас жүлдеге ие болды

Атырау қаласында өткен қазақтың даңқты батыры Дәулеталы Жарыұлына арналған республикалық мүшәйрада ақмолалық ақын бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Есімі ұрпақтарының ауызында құрметпен айтылатын Дәулеталы ақынның жырдағы, өлеңдегі тұлғасын қалыптастыру, қазіргі қазақ ақындарының поэзиясы арқылы баба бейнесін жырдан сомдау мүшәйраның негізгі мақсаты болды.
Мүшәйраға еліміздің түрлі өңірлерінен қатысқан 23 ақыннан 9 ақын жүлделі орындарға ие болды.
Бас жүлдені Көкшетаулық ақын, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреты, Президент стипендиясының үш мәрте иегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі Алмас Темірбай қанжығасына байлады.
«Атың барда жер таны желіп жүріп» деп өскен қазақтың баласымыз. Ата-баба салтын берік ұстанған Адай Ата ұрпақтарынан бәріміздің, әсіресе жас ұрпақтың үйренері көп. Атадан ақын болып туған соң осындай қазақтың біртуар тұлғаларын жыр ету, көпке үлгі ету – ақындық міндетіміз емес пе?! Барша жүлдегер ақын бауырларымды құттықтаймын!»,- деп бөлісті Алмас Темірбай.
Айта кетейік, бас жүлдеге 1 000 000, 1-орынға 500,000, 2-орынға 300 000, екі 3-орынға 150 000, төрт 4-орынға 50 000 теңге берілді.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также