Ақмола облысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі анықталды

 

«Қарасора-2026» жедел-профилактикалық операциясы аясында Жақсы ауданының полиция бөлімінің КПБ қызметкерлері Қийма ауылында жедел іс-шаралар өткізді.

Тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан 1969 жылы туған азамат анықталды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Киров көшесіндегі жеке учаскені тексеру кезінде полицейлер 75 қарасора бұтасын тауып алып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта сот-химиялық сараптама тағайындалды. Тергеу қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

#заңментәртіп

By admin

Читайте также