Ақмола облысында 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша белсенді жұмыс жалғасуда

Ақмола облысында 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

А.ж. 6 маусымда Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Б. Әміренованың төрағалығымен мүліктік шығындардың өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның екінші отырысы өтті.

Отырыста «Медина» ЖК, «Махина» ЖК (Көкшетау қ.) және «Ашық жол» ЖК (Атбасар ауданы) үш өтініш қаралды. Комиссия мүшелері барлық үш кәсіпкерге келтірілген залалды өтеу туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Айта кетейік, а.ж. 22 мамырда өңірлік комиссия отырысында Астрахан ауданының «Есеева С.К.»ЖК бірінші өтінімі қаралған болатын. Бүгінгі таңда кәсіпкерге мүліктік шығындардың өтемақысы толық көлемде төленді.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также