Атбасар ауданында оқушылар мен оқытушыларға қолдау жоғары

Атбасар ауданы әкімшілігі білім жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөліп, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруге жағдай жасауда. Жақында жүргізілген мониторинг нәтижесінде мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымы жақсарып, педагогтердің еңбек жағдайы оң өзгерістерге ұшыраған. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Қуатбеков брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Өткен жылы білім беру мекемелерін жөндеу үшін 100 млн теңгеден астам қаржыға 27 нысанда жөндеу жұмысы жүргізілген. Осы жылы да 7 жаңа модификациядағы кабинеті, 3 инклюзия кабинеті, №1 мектепке жаңа жиһаз сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ, бірнеше мектеп пен балабақша ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген. Мәселен, күрделі жөндеу жұмыстары Атбасар қаласының №7 мектебінде және Есенгелді мен Тельман ауылының мектептерінде жүргізілмек.

Қазір ауданда 32 мектеп жұмыс істеп тұр. Білім ошақтарында жеті мыңға жуық оқушы білім алады және 900 жуық педагог жұмыс істейді. 2024 жылы ауыл мұғалімдеріне коммуналдық шығын өтеліп, 11 мұғалімге көтерме жәрдемақы төленіпті. Су тасқынынан зардап шеккен 37 педагогқа 100 мың теңгеден көмек көрсетілді.

«Оқушыларды қолдау мақсатында шалғай ауылдардан 68 оқушы мектепке тасымалданады. Әлеуметтік осал топтардан шыққан 103 бала балабақшада тәрбиеленуде. 1–4 сынып оқушылары 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылған, ал кейбір ауыл мектептерінде 5–11 сынып оқушылары да тегін тамақтанады», – деп қорытындылады аудан әкімінің орынбасары.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также