*🌊ТЖ ви
Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық аясында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Ақмола облысында орналасқан елордалық агломерацияны тексерді.
Жұмыс сапары барысында ол Аршалы және Целиноград аудандарында болып, негізгі гидротехникалық құрылыстарды аралап, ықтимал су тасқынына дайындық деңгейін бағалады.
«Су тасқынына қарсы іс-шаралар барлық қызметтердің уақтылы және үйлесімді жұмысын талап етеді. Басты міндет – халық пен инфрақұрылымға төнетін қауіп-қатерлерді барынша азайту. Барлық қажетті инженерлік құрылыстардың ықтимал су тасқынына, ал шұғыл қызметтердің – жедел ден қоюға дайын болуы маңызды. Біз жағдай мониторингін жалғастырамыз және жергілікті жерлерде іс – қимылды үйлестіреміз», — деп Кеген Тұрсынбаев атап өтті .
🔗Толығырақ ресми сайтымыздан оқыңыздар
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube