Ақмола облысындағы тергеп-тексеру нәтижелері бойынша

2024 жылдың тоғыз айында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бірқатар тексерулер жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтай отыра, бизнестің дамуына көмектесіп, адал бәсекелестікке жағдай жасады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Олжас Какенов мәлім етті.

 

Ағымдағы жылы Департамент бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына қатысты 3 тергеп — тексеруді аяқтады. Атап айтқанда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақмола филиалының іс-әрекеттерінде кірме жолдарда вагондарды беру және жинау бойынша белгілі бір қызмет көрсетушілерге артықшылықтар беруге байланысты бәсекелестікке қарсы іс-қимыл фактілері анықталды.

 

«Тергеп — тексеру нәтижелері бойынша ҚТЖ филиалының лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, Қызмет көрсетушілердің атауларын қызмет көрсету тәртібі мен қозғалысты ұйымдастыру туралы нұсқаулықтардан алып тастауды талап ететін ұйғарым шығарылды. Нәтижесінде ҚТЖ орталық аппараты монополияға қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес нұсқаулықтарды өткізу туралы басқа өңірлердің облыстық филиалдарына тапсырмалар жолдады» — дейді, Департамент басшысы Олжас Какенов.

 

Тергеп — тексеру қорытындысы бойынша бұзушылық анықталды және болашақта мұндай бәсекелестікке қарсы әрекеттерге жол бермеу туралы Нұсқама шығарылған.

 

Сондай-ақ, «Степногорск Темір Жолы» ЖШС-не қатысты 2022 жылы вагондарды коммерциялық тексеру қызметтеріне монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша тергеп -тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, сот шешімі бойынша бұл ұйым айыппұл салумен және монополиялық кірісті тәркілеумен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

«Қорытындылай келе, Ақмола облысы бойынша Департаменттің жұмысы нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге, бәсекелестікті қорғауға және кәсіпкерлер үшін қолайлы орта құруға бағытталғанын атап өткім келеді. Біздің іс-әрекеттеріміз нарықтық экономиканы нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз және осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз» — деп түйіндеді Олжас Какенов.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также