Көкшетау: стратегиядан нәтижеге. Қала әкімі бірінші жартыжылдықты қорытындылады
Көкшетауда экономиканың сенімді өсуі, инвестициялар ағыны және қалалық ортаның ауқымды жаңаруы байқалады. Бұл туралы қала әкімі Әнуар Күмпекеев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2025 жылдың алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын айтып өтті. "Қала экономикасы барлық негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсуді көрсетіп отыр. Біз өнеркәсіптік өндіріс, инвестициялар және құрылыс жұмыстарының айтарлықтай өсуін тіркейміз. Бұл жүйелі жұмыс пен бизнес тарапынан сенімнің нәтижесі", - деді әкім. Әкімдіктің мәліметінше, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 196 млрд теңгені құрап, өңдеу саласында өсім 140% - ға жетті. Агроөнеркәсіптік кешенде 1,6 млрд теңгеге өнім шығарылды. 63 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды — бұл 2024…
