Сарапшы: Атом электр станциясы кемі 60 жыл жұмыс істейді

https://qazaqstan.tv/index.php/news/199337/

Атом электр станциясы кемі 60 жыл жұмыс істейді. Ол үшін экологиялық тәуекелдер мен қауіпсіздік қатаң ескерілуі керек. Бұл туралы Алматы облысында өткен орнықты даму және энергия тапшылығын азайту мәселелері талқыланған жиында айтылды. Сарапшылардың пікірінше, қазір жылу электр станцияларынан ауаға жылына 14 млн тоннадан аса зиянды қалдықтар шығады. Ал АЭС-тің экологияға зияны жоқ деп отыр. Сондай-ақ жаңа технологияны пайдаланып, соңғы үлгідегі реакторлар қолданылуы тиіс екенін атап өтті. «Сондықтан халық АЭС туралы жан-жақты ақпарат алып, ой таразысынан өткізіп, дұрыс шешім қабылдағаны абзал», — дейді сарапшылар.

Данияр Жансейітов, «Ядролық физика институты» РМК жекекші ғылыми қызметкері:

Атом электр станциялары, ең біріншіден, тұрақтылық. Одан бөлек станцияның жұмыс істеу мерзімі халықаралық практика көрсететіндей кемінде 60 жыл жұмыс істейді. Және оны комиссия өткізгеннен кейін, ішкі жүйелерін бір тексергеннен кейін тағы да 20 жылға созу мүмкіндігі бар.

Қуан Нұрақын

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также