Ақмола облысында жылыту маусымына дайындық қалай жүргізілуде

 

 

Биылғы  жылыту маусымына  дайындық кезінде жылумен жабдықтау көздері және желілерінің тозуы жоғары өңірлерге ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл туралы облыстық  энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Ақжол Қылышбаев баяндады, -деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда 1142 қазандықтың  1132-сі,  786 білім беру нысанының 778-і,   567 денсаулық сақтау нысаны,  2642 тұрғын үйдің 2065-і жылыту маусымына дайын.

Жылу желілерінің    33,6 шақырымына  жөндеу жоспарланса, қазіргі уақытта   шамамен 21,6 шақырымына  жөндеу жүргізілді.

Ағымдағы жылы үкімет резерві есебінен Көкшетау, Степногорск және Атбасар қалаларының жылу көздеріне және жылумен жабдықтау желілеріне   жөндеу жүргізіліп жатқанын  атап өткен жөн.

Жөндеу жұмыстары  Көкшетау қаласы бойынша  Юбилейный, Бурабай, Бірлік шағын аудандарының, Хасенов базары ауданының, Көкшетау-2 кентінің және Красный Яр ауылының жалпы ұзындығы 6 км  учаскелерінде жоспарланған.

Атбасар қаласында жалпы ұзындығы 6 шақырым, Степногорск қаласында  4,9 шақырым жылу желілеріне жөндеу жүргізілді.

«Бұдан басқа, Степногорск энергокешені ЖЭО мен жылу желілерін жөндеу бойынша  бекітілген кестеге сәйкес 2 қазандықты, 4 турбинаны кеңейтуді ағымдағы жөндеу 3 қазандықты және 1 қазанды және 1 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күні 4 турбина мен 2 қазандықтың жөндеулі аяқталды», -деп Ақжол Қылышбаев атап өтті.

Сонымен қатар, Республикалық бюджет есебінен:

— Атбасар қ. орталық жылыту қазандығы мен жылу желілерін жөндеу;

— Щучье қ. Ремзавод ш/а жылу желілерін жөндеу;

— Щучье қ. ЩИПТ көш. 5 қабатты 20 пәтерлі үйге  және  аз қабатты ғимараттарға жылу желісін салу;

-Щучье қ. Горный ш/а жылу желілерін салу;

-Ерейментау қ. Әлжанов және әл-Фараби көшелеріненегізгі жылу магистралін салу  жоспарланғанын атап өткен жөн.

 

 

 

 

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также