Ақмола облысынан 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарына 8 спортшы қатысады

Ақмола облысынан 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарына 8 спортшы қатысады

Астана қаласында қыркүйектің 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары өтеді.

Бұл ғаламат оқиға 89-дан астам елідің қатысушыларын жинап, әлемнің барлық өңірлерінен келген көшпелі халықтардың мәдениеттері мен спорттық дәстүрлерінің тоғысар мекені болады.

Қатысушылар 21 спорт түрінен бақ сынасады, олар:асық ату, теңге ілу, жамбы ату, мангала, ордо, алыш, корэш, кураш, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, құсбегілік, көкбөрі, дәстүрлі садақ ату, мас-рестлинг, бәйге, көкпар, аударыспақ, ашырмалы аба кюреши, күштілердің сайысы, арқан тартыс, овари.

Ақмола облысының спортшыларының атынан көрсетілетін спорт түрлері: асық ату «Алау» мұзайдыны сарайында, құсбегілік этноауылда, белбеу күресі – Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Ақмола облысы құрамасының құрамында Қазақстанның намысын келесі спортшылар қорғайды: Құсбегілік бойынша Қазақстанның екі дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері – Кенжетай Ерлан. Асық ату бойынша Әлем кубогінің чемпионы, ҚР спорт шеберлігіне кандидат – Думан Көгершін. Белбеу күресі бойынша еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстан Республикасының абсолюттік чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы – Нұрланұлы Бекбол.

Қыркүйек айында мас-треслинг бойынша іріктеу өтіп, біздің облыстың құрамасының түпкілікті құрамы анықталатн болады.

Бапкерлер құрамы:

Нұрлан Мәулен – белбеу күресі бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Бірен-саран емес, бірсыпыра шәкірт баптап, жұлдызды додаларға қосқан шебер бапкер. Шәкірттерінің ең танымалдары – Нұрланұлы Ербол, Нұрланұлы Бекбол, Мерген Күмісбек.

Әукенов Самат Базарбекұлы – асық ату бойынша жоғары санатты жаттықтырушы, асық ату бойынша жоғары ұлттық санаттағы төреші, асық атудан Ақмола облысының бас бапкері.

Самат Базарбекұлының шәкірттері аз емес. Олардың арасында Думан Айлана — Азия Чемпионатынан 1 орын, Аманжолова Аружан – Азия Чемпионатынан 2 орын, Әлем Кубогынан 1 орын, Сәрсеков Еркебай – Әлем Кубогынан 1 орын.

«Томирис» командасы әлемге қазақ қыздарының салт атпен жүру шеберлігін көрсетеді. «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон –бәйгеге қатысқан «Томирис» жалғыз қыздар құрама командасы 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық бәйге марафонына белсенді дайындық үстінде.

 

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также