2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси жүйесін одан әрі дамытудағы маңызды кезең болып табылады

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси жүйесін одан әрі дамытудағы маңызды кезең болып табылады. Бұл – халық өкілдігін нығайтуға, мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамытуға, сондай-ақ демократиялық институттарды одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды саяси науқан.

 

Бүгінде әрбір азаматқа дауыс беру арқылы өзінің конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік берілген. Сайлаушылардың белсенділігі азаматтық қоғамның кемелденгенін, халықтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын және маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуға дайын екенін көрсетеді.

 

Сайлау – өкілді органдарды қалыптастыру тетігі ғана емес, сонымен қатар қоғамдық сенімді, азаматтық жауапкершілікті және ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды құралы. Азаматтардың сайлауға қатысу деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, жүргізіліп жатқан реформаларға қоғамдық қолдау да соғұрлым артып, еліміздің орнықты дамуына берік негіз қаланады.

 

Сондықтан әрбір сайлаушы өз таңдауына саналы әрі жауапкершілікпен қарауы маңызды. Дауыс беру – өз азаматтық ұстанымыңды білдірудің, Қазақстанның дамуына жеке үлес қосудың және мемлекетіміздің тұрақтылығы мен қоғамдық келісімін нығайтуға қолдау көрсетудің нақты көрінісі.

 

23 тамыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында қазақстандықтар жоғары азаматтық белсенділік танытып, еліміздің бүгіні мен болашағына деген жауапкершілігін тағы бір мәрте дәлелдейді деп сенемін. Сайлау заңдылық, ашықтық және демократиялық қағидаттарды құрметтеу жағдайында өтеді деген сенім мол.

 

Атбасар аудандық «Халықаралық қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Камшат Қадылқызы.

By admin

Читайте также